ШҚО-да алкоголь мен темекіні заңсыз сатпақ болған кәсіпкер сотталды

Өңір прокуратурасы заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесті. Риддерде жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 51 мың шөлмектен астам суррогат алкоголі мен 348 мың қорап темекі өнімдерін сатпақ болған адам ұсталды.

«Сапасы күмәнді контрафактілік өнімдерді сату және оларды тұтыну өте қауіпті. Өйткені ол азаматтардың денсаулығына орасан зиян келтіруі мүмкін. Риддер қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, өнімдері тәркіленіп, шартты түрде бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыс прокуратурасы, экономикалық тергеу мен экология департаменттері өкілдерінен және сот орындаушыларынан тұратын комиссия тәркіленген өнімдерді Өскемен қаласындағы полигонға апарып, жойды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...