Жыл басынан бері ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардан 671 өтініш қабылдаған. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 57,6%-ға артық. Бұл туралы ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Андрей Троеглазов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
— Өтініштердің көбейгені, әсіресе онлайн-платформалар мен Telegram-боттар арқылы жасалған шағымдардың өсуі халықпен байланыс орнату барысында цифрлы технологиялардың кең қолданыла бастағанын көрсетіп отыр. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша департамент 23,6 млн теңгеден астам соманы тұтынушыларға қайтарып берді, — дейді ол.
Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен екі есе көп.
— Қайтарылған сома көлемінің өсуі азаматардың құқықтық сауаттылығының артуын және олардың өз құқықтарын қорғауға дайын екендіктерін білдіреді, – деді Андрей Троеглазов.