back to top

Шығысқазақстандық әйелдер декреттік төлемді арттыру үшін «қулыққа» барған

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, бала күтіп жүрген кейбір шығысқазақстандық әйелдер декреттік төлем мөлшерін арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал босанғаннан кейін бірден кәсібін жауып тастаған.

Мәселен, Өскемен қаласының тұрғыны шаштараз қызметін көрсетемін деп кәсібін тіркеді. Сөйтіп әлеуметтік аударымдарды көбейтіп, 2 млн теңгеге жуық декреттік төлем алды. Ал бала туғаннан бір ай өткен соң кәсібін жапты.

«Төлем алудың осындай механизмін облыс бойынша 780 әйел іске асырды. Олар жеке кәсіпкер ретінде 1-ден 5 айға дейін ғана тіркеліп тұрған. Бұл фактілерден біз белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көріп отырмыз. Өйткені жеке кәсіпкерлер өз жұмысын бірден тоқтатып жатыр. Сондықтан осы мәселені заң шеңберіне сәйкес қарау керек», — деді департамент басшысы Денис Шакенов.

Новые статьи

Құтқарушылар мұздағы рейдтерді жандандырды

Ауа температурасының үнемі өзгеріп отыруы мұзды біркелкі емес және барлық жерде берік емес етеді. Бірақ бұл балықшыларды тоқтатпайды және олар өз өмірлерін қатерге тігіп,...

Спасатели ВКО активизировали рейды на льду

Спасатели активизировали рейды на льду. Постоянно колеблющаяся температура воздуха делает лед неоднородным и не везде прочным. Но это не останавливает рыбаков и они, рискуя...
00:00:31

Олимпийское золото, которое вдохновляет: Ольга Рыпакова впервые представила свои медали публике

Олимпийская чемпионка, легкоатлетка Ольга Рыпакова впервые представила широкой публике свои олимпийские медали. Прославленная спортсменка решила, что её главные награды должны не храниться вдали от...

Плюсовую температуру, дождь и гололед прогнозируют в ВКО

В регионе прогнозируют теплую неделю с большим количеством осадков. В ближайшие трое суток циклон, смещающийся с районов Уральских гор, будет проходить через территорию Казахстана. Он вызовет...