Өскеменде мамандандырылған ХҚО-ның 3 қызметкері сотталды

Қалалық №2 сотта «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы Өскемен қалалық мамандандырылған ХҚО-ның 3 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Анықталғандай, орталық басшысы мен екі қызметкер 2023 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандарға көмек көрсетеміз деп 40 млн теңгеге жуық заңсыз сыйақы алған. Сот барысында айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындап, қатты өкінетіндіктерін жеткізді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен филиалдың бұрынғы басшысы мен бір қызметкері 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп, 1 жылға мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Ал тағы бір қызметкерден қылмыстық жолмен алынған ақшаға сатып алынған пәтері тәркіленіп, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...