в

ШҚО-да кәсіпкерлерге мәжбүрлі түрде ақылы қызмет көрсетудің 120 фактісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге ақылы қызметті мәжбүрлі түрде көрсетудің 120 фактісі тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлім етті.

— Күршім ауданында мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге ғимараттары мен көлік құралдарын дезинфекциялау бойынша ақылы қызметтерді мәжбүрлі түрде көрсетуге байланысты 120 факті тіркелген. Заң бойынша мұндай қызметтер эпизоотикалық ошақтары бар жерлерде ғана міндеттелуі тиіс. Сонымен қатар ветеринарлық анықтамаларды (№1 форма) берген кезде кәсіпкерлер 52 рет көлік құралдарын дезинфекциялаудың қосымша қызметтерін сатып алуға мәжбүр болған», — деді Денис Шакенов.

Кейбір жағдайларда бұл қызмет тіпті көрсетілмеген де. Осындай заңсыз әрекеттер ет өнімдері бағасының едәуір қымбаттауына әкеліп соқты.

Антикордың араласуынан кейін мәжбүрлі түрде қызмет көрсету мәселесі шешіліп, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

В ВКТУ открылся филиал Национальной академии наук РК при президенте РК

Восточно-Казахстанская сельскохозяйственная опытная станция подвела итоги уборочной кампании