в

ШҚО-да түрмеге екі келіге жуық есірткі кіргізілмек болды

Шығыс Қазақстан облысындағы №18 түзету мекемесінің қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірлесіп, колония аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болғандарға тосқауыл қойды. Түнде түрмеге 10-нан астам пакет «лақтырмақ» болған 28 жастағы ер адам ұсталды.

Жеке тінту кезінде одан өсімдік тектес жасыл зат салынған 12 пакет табылды. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы екі келіге жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.

— Сотталғандарға да, олардың туыстарына да талай мәрте ескертілгеніне қарамастан, колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болғандар тіркеліп жатыр. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Осы бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі, әділет майоры Салтанат Ожиканова.

В ВКО осуждённые к общественным работам будут озеленять населённые пункты

Порядок назначения выплат по беременности и родам, а также по уходу за ребенком изменили в Казахстане