в

Риддерде полицейлер бұрынғы күйеуіне арыз түсірген әйелдің ісін уақытылы қарамай қойған

Өңір полицейлері ақпаратты есепке алу кітабына (АЕК) 90 мың арыз бен хабарламаны тіркеу кезінде олқылыққа жол берген. Оның ішінде уақтылы шешім қабылдамау, қылмыстардың саралануын төмендету, оларды жасыру және статистиканы бұрмалау фактілері тіркеліп отыр.

«Талап бойынша АЕК-ке түскен арыз 24 сағат ішінде қаралуы тиіс. Мәселен, осы жылдың тамыз айында жеке сот орындаушысы сот шешімін орындамаған К. есімді азаматты жауапкершілікке тарту туралы хабарлама түсірген. Алайда полицейлер еш шара қолданбай, 4 күннен кейін іс материалдарын номенклатуралық өндіріске есептен шығару туралы шешім қабылдаған», — делінген ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, Риддердегі полиция бөліміне барған әйел бұрынғы күйеуінің өзін қорлағанын айтып, арыз жазған. Алайда бұл іс материалы бойынша шешім арыз түскеннен кейін 8 тәулік өткенде ғана қабылданған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша полиция департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, есепке алу және тіркеу тәртібін бұзудың алдын алу, ведомстволық бақылауды күшейту шараларын жүргізу тапсырылды.

В школах РК, где численность учеников больше 1000, откроют стоматологические кабинеты

В ВКО активно готовятся к фестивалю «ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ»