Шығыс Қазақстанда ЖРВИ жұқтырған адам саны 200 мыңнан асты

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде ЖРВИ жұқтырғандар саны күрт өскен. Осы жылдың басынан бері 200 803 адам инфекция жұқтырды. Ал тұмаудың зертханалық расталған 228 жағдайы тіркеліп отыр.

— Өткен жылғы сәйкес кезеңде ЖРВИ жұқтырғандар саны — 122 151, тұмаумен ауырғандар — 43. Демек, ЖРВИ ауруы 1,74 есеге, тұмау 5,6 есеге өскен. Десе де аурушаңдық көрсеткіші ұзақ мерзімді статистика негізінде есептелген бақылау деңгейінен аспайды. Жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға шалдыққандардың көбеюінің себебі биылғы жылдың метеорологиялық жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтқанда, қыс пен күздің жылы болуы, көктемнің ерте басталуы. Осындай кезде ауада вирус көп тарайды, — делінген ақпаратта.

Өскемен қаласы ЖРВИ жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр, онда 113 804 (жалпы ауырғандар санының 59,9%-ы) адам ауырған. Одан кейінгі орында Глубокое ауданы (12%) Содан соң Риддер қаласы, Шемонаиха мен Алтай аудандарында вирус жұқтырғандар көп.

Новые статьи

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...