Полицияға хабарласқан жергілікті тұрғын құрбысының алдап кеткенін айтқан. Белгілі болғандай, 2022 жылдың қыркүйегінде ол жеке кәсіп ашқан. Кейіннен құрбысынан бухгалтерлік қызмет бойынша, оның ішінде табыс салығын төлеуге және қызметкерлердің зейнетақы төлемдерін аударуға көмектесуін сұраған.
Осылайша, жәбірленуші оның шотына ай сайын ақша аударып отырды. Алайда біраз уақыттан кейін «есепші» өз міндеттерін орындамай, барлық аударылған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жібергені анықталған. Келтірілген шығын мөлшері — 3 млн теңге, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.
39 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.