в

Глубокое ауданында Қызыл кітапқа енген құс жолда жаралы жатқан

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое ауданы Опытное поле ауылында тұратын әйел адам жолда жатқан дала бүркітін көріп қалған. Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстың қанаты жараланғаны байқалған.

«Ауыл тұрғыны бірден полицияға хабарласты. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері Ержан Тащанов келіп жетті. Содан соң құс Өскемендегі ветеринарлық клиникаға жеткізілді», — делінген ақпаратта.

Енді құс қаладағы Сол жағалау саябағында орналасқан хайуанаттар бағына оңалтуға жіберіледі.

Износ теплосетей в Казахстане до конца года будет снижен до 52%

В Казахстане введен запрет на ввоз яблок в период сбора урожая