Ұлан ауданында халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында орналасқан Бүркіт төбе алаңында қазан айының 10-14 аралығында дәстүрлі халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі өтеді. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді.

«Шығыс салбұрыны» қазақ халқының бай мәдени мұрасын жандандырып, ұлттық спорт пен құндылықтарды дәріптеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Фестиваль Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың және «Республикалық Құсбегілік федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

«Шараның басты мақсаты – ұлттық спорт арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануды қолдау, ұлттық құсбегілік спортын, тазы жүгірту, асау үйрету өнерін кеңінен тарату. Биыл Қазақстан мен шет мемлекеттерден 5 мыңға жуық турист келеді деп жоспарлануда», — деді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Атап айтқанда, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Венгриядан қатысушылар шақырылып отыр. Барлығы 80 бүркіт, 30 сұңқар және 30 тазы жарысқа түседі деп күтілуде.

Фестиваль аясында екі күн бойы бүркітшілердің құстарды жемге, еркін және иесінің шақыруымен ұшыру сайыстары, шырғамен қоян және түлкі аулау жарыстары өтеді. Сонымен қатар жамбы ату, теңге ілу, тазы иттерінің жарысы және жабайы жылқыларды үйрету сынды ұлттық спорттық жарыстары ұйымдастырылады.

20-дан астам киіз үйде қазақ халқының дәстүрлі көрмелері қойылып, қонақтар сырмақ жасау, кесте тігу, ұлттық тағам дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады. Атқа міну, садақ ату, бағалы сыйлықтармен лотерея және ыстық тамақ та фестиваль бағдарламасына еңгізілген.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...