в

ШҚО әкімі референдумда дауыс берді

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласының №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы референдум учаскесіне келіп дауыс берді.

– Негізі, референдумды демократияның базисі деп түсіну керек. Бұл – біздің ел үшін, ұлтымыз үшін маңызы зор оқиға. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдірсе керек, – деді облыс әкімі референдум учаскесінен шыққан бойда.

Айта кетейік, бұл күні референдум учаскесіне келушілерге барлық жағдай жасалды. Аймақтағы 538 учаскелік референдум комиссиясы аясында 3844 мүше жұмыс істеп жатыр.

Дауыс беру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиісті жағдай қарастырылған.

ЦИК РК сообщает, что на 14.00 явка избирателей составила 51,77 %

Первый заместитель акима области Нурымбет Сактаганов проголосовал на референдуме