в

Өскеменнің сол жағалауындағы жарықтың жиі өшу мәселесі шешімін табуда

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаланың сол жағалау бөлігіндегі жарықтың жиі өшуі бірнеше факторға байланысты болып отыр.

«Негізгі мәселелердің бірі – трансформаторлық қосалқы станцияларда ажыратқыштардың жоқтығы. Осының салдарынан тұрғын үйлер ұзақ уақыт электр жарығынсыз қалып отырады. Ажыратқыштарды ұрлау фактілері де тіркелді. Егер бір қосалқы станцияда ажыратқыш болмаса көшелердің көп бөлігі жарықсыз қалады. Мәселен, бау-бақша қоғамдастығында қысқа тұйықталу болды делік. Трансформаторда ажыратқыш жоқ болғандықтан ол бүкіл желіні өшіреді», — деп түсіндірді басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов.

Мәселені шешу үшін жоба әзірленген. Биыл кабельдік желілердің 23 учаскесі мен үш таратушы қосалқы станцияны жөндеуге 466 млн теңге бөлінді.
Келесі жылы бұл сома 550 миллион теңгені құрап, 86 ажыратқыш пен 50-ге жуық кабельдік желілер ауыстырылмақ.

В Усть-Каменогорске решают проблему с перебоями электроснабжения левобережной части города

Казахстанские хирурги провели уникальную операцию по восстановлению трахеи из собственных тканей пациента