в

12 қыркүйек күні Ұлан ауданында «Шығыс САЛБУРЫНЫ — 2024» бүркітшілер фестивалі өтеді

ШҚО Ұлан ауданы Бозанбай ауылының Байгетөбе ипподромында әсерлі және қызықты іс-шара ұйымдастырылмақ. Фестивальдің мақсаты-ұлттық спорт түрлерін дамыту, халық арасында ұлттық құндылықтарды құрметтеу, патриотизмге тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Дәстүр бойынша жарысқа әлемнің бес елінен 100-ден астам бүркітшілер мен аңшылар қатысады.

Екі күндік жарыс барысында келесі жарыс түрлері көрсетіледі: құстардың жемге ұшуы, құстың еркін ұшуы, иесінің шақыруына ұшуы, қоян, түлкі аулау, 1 шақырым қашықтыққа тазы иттердің жүгіруі.

Осы жарыстардан басқа, қонақтарға атпен серуендеу, садақ ату және бағалы сыйлықтармен лотерея ұтыс ойыны ұйымдастырылады.

Жарыс өтетін жерде қазақ этноауылы орнатылады. Әр киіз үйдің ішінде қазақ халқының халық қолөнері шеберлерінің көрмесі, сондай-ақ барлық ниет білдірген қонақтарға арналған шеберлік сыныптары және әрине, ұлттық тағамдар ұсынылады.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан бүркіт фестивалі елімізде ішкі туризмді дамытудың үлгісіне айналды. Ауқымды халықаралық іс-шара адамдарды біріктіріп, көшпенділердің танымал ойындарының лайықты жалғасы болмақ.

Гостей и жителей ВКО 12 октября ждут в Уланском районе на фестивале беркутчи «ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ — 2024»

Более 30 тысяч онкологических операций с использованием новейшего оборудования проводят в Казахстане ежегодно