в

Өскеменде жағажайлар шомылу маусымына дайындалып жатыр

Биыл Өскеменде шомылу маусымы әдеттегіден ертерек басталуы мүмкін. Себебі алдағы демалыс күндері өңірде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі деген болжам жасалған. Осыған байланысты тұрғындар жаппай жағажайларға ағылуы ықтимал. Қалада ресми түрде шомылуға рұқсат етілген тек екі орын бар – Самал саябағындағы жағажай мен Сол жағалаудағы этносаябақ. Алайда қазіргі уақытта Самал саябағындағы жағажайдың жағдайы қала тұрғындарын алаңдатып отыр.

– Бұл бақтағы жағағай «Өскемен парк» ЖШС-нің қарамағында. Аталған мекеменің мәліметінше, алдымен жағажайдың жағдайын бағалайтын ақау тізімдемесі жасалып, содан кейін абаттандыру жұмыстары басталады, — деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, шомылу маусымының ресми ашылуы 1 маусымға жоспарланған. Осыған орай келесі аптада жағажайларды дайындау жұмыстары басталады.

– Ауа райының аптап ыстық болуына байланысты жағажайларда рейдтік шаралар жүргізіледі. Қала тұрғындарына тек арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеміз. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар адамдар рұқсат етілмеген жерлерде шомылғанда немесе мас күйде суға түскенде болады, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

С 19 мая рейсы из Усть-Каменогорска в Москву будут курсировать два раза в неделю

Перспективы создания всесезонного туристического кластера в Восточном Казахстане обсудили в Правительстве РК