в

Өскеменде трамвайлар қайта қатынай бастады

Өскемен қаласында бірнеше күн бойы тоқтап тұрған трамвайлар қайта қатынай бастады. Қала бойынша 15 тамызда барлық трамвай тоқтады. «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, бұған трамвай паркінің кіреберісі мен шығаберісіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстарының жүргізілу себеп болды.

— Қазір жұмыстар толық аяқталды. 20 тамыз таңертеңнен бастап трамвайлар қайтадан рельске шықты, — делінген ақпаратта.

Алайда әлі Мызы мен Қазақстан көшелерінің қиылысындағы рельсті де ауыстыру қажет. Сол кезде тағы қозғалыс тоқтайды. Әзірге ол жұмыстардың нақты қашан басталатыны белгісіз.

Министр энергетики РК проверил ход подготовки ТЭЦ и котельных Восточного Казахстана к зиме

ШҚО Білім басқармасының басшысы тағайындалды