в

Өскеменде жалын шарпыған үйден бір отбасы құтқарылды

Источник фото: МВД РК

11 сәуірде түнгі уақытта Согра кентіндегі жер үйде өрт шыққан. Сол кезде көше патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары Жанасыл Базарханов пен Жасұлан Оралбеков түтінді көріп, бірден көмекке ұмтылды.

— Үйдің ас бөлмесі отқа оранған. Полиция капитаны Жанасыл Базарханов әйел мен оның баласын қауіпсіз жерге — қызметтік көлікке шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақыртады. Ал лейтенант Жасұлан Оралбеков қолда бар құралдармен жалынды сөндіруге кіріседі. Сол уақытта олар денесін күйік шалған ер адамды көріп, сыртқа алып шығып, келген медицина қызметкерлеріне тапсырады, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Үй ішінде басқа адам жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін, полицейлер екі газ баллонын тауып, жарылыс қаупін болдырмау үшін оларды дереу қауіпсіз қашықтыққа алып шыққан. Бұдан кейін де екеуі өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жаумен күресті жалғастырды.

Дачные автобусы в Усть-Каменогорске запустят с 15 апреля

Жаркие выходные прогнозируют в ВКО