в

ШҚО-да ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам жаза мерзімінің небәрі 12 күнін өтеді

Источник фото: МВД РК

38 жастағы азамат ұрлық жасағаны үшін сотталған. Ол пробациялық есепке алынғаннан кейін 12 күн өткен соң ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистияға ілігіп, толық босатылды.

Оның 1 жыл 3 айға жуық өтелмеген жазасы сот шешімімен күшін жойды. Сот отырысында ер адам бірден босатылды.

— Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Бұдан былай осындай қателікке жол бермеуге тырысамын. Қазір тұрақты жұмысым бар. Өмірді жаңадан бастауға дайынмын. Амнистия мен үшін күтпеген сыйлық болды, — деді ол.

Марқакөл ауданының пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Аяулым Мұратбекқызы аталған азаматқа көрсетілген қолдау туралы айтып берді.

— Пробациялық бақылауға алынған адамдарға тек қадағалау жүргізіп қана қоймай, олардың қоғамға қайта бейімделуіне көмек көрсету — біздің басты міндетіміз. Біз бұл азаматты бірден жергілікті шаруа қожалығына жұмысқа орналастырып, тұрақты табыс табуына жағдай жасадық, — деді инспектор.

В районе Алтай заметили каракуртов, жителей предупреждают об опасности

Шығыс Қазақстанда жоғары өрт қаупі тіркелді