Оқиға Глубокое ауданына қарасты Тарханка ауылында болған.
Lada маркалы автокөлік реттелмеген жол қиылысында жасөспірім велосипедшіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған ол сол жерде көз жұмды.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын толықтай анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалған.