в

Өскемен тұрғыны үйінде марихуана мен гашиш өсіріп келген

32 жастағы ер адам өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін веб-сайт пен танымал мессенджерлердің бірінде парақша ашқан.

«Сол арқылы клиент тауып, төлемді алғаннан кейін есірткіні алдын ала келісілген орындарға қалдырып кетіп отырған. Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әр алуан түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады. Жедел уәкілдер «қара нарықта» құны 20 млн теңгеден асатын 1 келіден астам есірткіні тәркіледі», — делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары үйден таразыларды, орайтын материалдар мен электронды құрылғыларды тапқан. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол заттарды өсіретін тұқымдарға шетелден тапсырыс берген.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер өңірге есірткі тасымалдайтын 6 ірі арнаның жолын кесіп, 6 есірткі зертханасын жойды. Заңсыз айналымнан 250 келіден астам есірткі, оның ішінде 6 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленді.

В Усть-Каменогорске временно невозможно оплатить проезд в автобусе с помощью мобильного приложения Kaspi

Интернет-магазин по продаже наркотиков ликвидировали полицейские в Восточно-Казахстанской области