в

Өскеменде Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандарының мәдени күндері өтеді

11 қазан күні сағат 18:00-де Өскемендегі Протозанов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық филармония залында Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандары шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

Шығармашылық кеш қарсаңында аудандардың қолданбалы өнер және көркемөнер шеберлерінің көрмесі, «Берел» тарихи-мәдени қорық-музейі мен Үлкен Нарын ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлер көрмесін тамашалауға мүмкіндік болады.

Ал 12 күні қазан сағат 08:00-ден бастап Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайындағы «Шығыс Алтай» сауда орталығының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі мен аудандардан келген шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. «Армреслинг», «Арқан тартыс», «Қой көтеру», «Қымыз ішу» сынды сайыстар өткізіледі.

Спортсүйер қауым үшін сағат 09:00-ден бастап Комсомол аралында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырылады.

Казахстанские десантницы покорили Гималаи

До 15 миллионов могут получить казахстанцы за сообщение о коррупции