ШҚО-да қайтыс болған екі донор бірнеше науқастың өмірін сақтап қалды

Өскеменде үш күн ішінде екі мультиағзалық донорлық ота жүргізілді. Қайтыс болған екі донордың арқасында бірнеше науқасқа трансплантация жасалды.

Екі отаға да бірнеше медицина мамандары жұмылдырылды. Бірінші жағдайда донорлыққа жүрек пен бауыр алынды. Арада бірнеше күн өткен соң дәрігерлер жүрек, бауыр, өкпе және екі бүйректі алу бойынша тағы бір мультиағзалық ота жасады.

Барлық ағза Бірыңғай күту парағында тұрған науқастарға арналды. Олар Астана мен Алматыдағы республикалық трансплантация орталықтарына жеткізілді. Осындай оталарда әр сағаттың маңызы зор.

— Донорлық процестердің әрқайсысының артында реаниматологтар, трансплантологтар, хирургтер, үйлестірушілер, мейіргерлер және басқа да медицина қызметкерлерінен құралған мамандар тобының тәулік бойғы еңбегі тұр. Ағзалар барынша қысқа мерзім ішінде алынып, трансплантация орталықтарына жеткізілуі керек, — деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Өскеменнен алынған ағзалар Астанадағы University Medical Center мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа, Алматыдағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына жіберілді.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел турнир памяти Бердибека Сапарбаева

В областном центре в четвертый раз прошел открытый республиканский турнир по мини-футболу среди любительских команд, посвященный памяти государственного и общественного деятеля Бердибека Машбековича Сапарбаева. За...

В Усть-Каменогорске ко Дню Республики подняли государственный флаг

Сегодня, 25 октября, в День Республики Казахстан в Усть-Каменогорске на амфитеатре состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага на новом флагштоке. Мероприятие стало символом уважения к...

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...