Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.

Нұрлан Жақыпов:

2026 жылы Қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отырғанын айтты.

Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар.

Сонымен қатар Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Қордың инвестициялық портфелі жөнінде мәлімет берді.

Аталған бағытта 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Қордың әлеуметтік жобаларының орындалуы туралы баяндады.

Медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылған, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға назар аударылып отыр.

Президент:

Қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел турнир памяти Бердибека Сапарбаева

В областном центре в четвертый раз прошел открытый республиканский турнир по мини-футболу среди любительских команд, посвященный памяти государственного и общественного деятеля Бердибека Машбековича Сапарбаева. За...

В Усть-Каменогорске ко Дню Республики подняли государственный флаг

Сегодня, 25 октября, в День Республики Казахстан в Усть-Каменогорске на амфитеатре состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага на новом флагштоке. Мероприятие стало символом уважения к...

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...