ШҚО кітапханаларының көрсеткіштерін басқа өңірлермен салыстыруға болады

Қазақстанда елдің кітапхана саласына қатысты статистикалық деректерді біріктіретін LABA аналитикалық медиаплатформасы әзірленді. Оның көмегімен өңірлердің, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының көрсеткіштерін зерделеп, өзара салыстыруға болады.

Жаңа платформа Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында таныстырылды. LABA атауы Library and Book Analytics (Кітапхана және кітап аналитикасы) дегенді білдіреді.

Платформада кітапхана желісі, пайдаланушылар мен келушілер саны, кітап қоры мен кітап беру көрсеткіштері, цифрлық ресурстар және кадрлық әлеует туралы мәліметтер жинақталған. Деректер диаграммалар, рейтингтер, интерактивті кестелер және өңіраралық салыстырулар түрінде ұсынылған. Бұл ШҚО кітапхана саласының көрсеткіштерін жалпы республикалық деңгейде бағалауға және олардың өзгеру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

LABA платформасының ақпараттық негізіне «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Деректер мен сандар» ғылыми-талдамалық шолуы алынған. Әзірлеушілер жаңа статистикалық есептер жарияланған сайын платформадағы ақпаратты жедел жаңартып отыру мүмкіндігін қарастырған.

Платформа интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Сондай-ақ ол мобильді құрылғыларға бейімделген. Жоба авторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан.

Деректермен LABA сайтында танысуға болады.

Новые статьи

Мат в соцсетях обошелся казахстанке в 20 МРП

Полицейские установили автора видеозаписи с нецензурной бранью, опубликованной в социальной сети. Ею оказалась 32-летняя жительница Актобе Молдир Ауезова. По итогам проверки женщину привлекли к административной...

В ВКО появилась спортплощадка для особенных детей

В коррекционной школе «BASTAU» открыли современный спортивный комплекс для детей с особыми образовательными потребностями. В него вошли просторная открытая площадка и специализированный крытый спортзал. Объекты...

В Минтруда рассказали зачем работодателям страховать каждого работника

По состоянию на 1 сентября 2026 года в Казахстане в результате несчастных случаев на производстве пострадали 969 работников. Это на 15,6% больше, чем за...

Банк из ОАЭ готов нарастить финансирование в Казахстане

Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan намерен в ближайшие полтора года втрое увеличить объем финансирования казахстанских проектов с текущих 2,5 трлн тенге. Планы банка обсудили...