Өскеменде ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткен

Бірнеше күннен бері қалада атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлануына қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасып отыр.

Егер 6 қыркүйекте күкіртсутек мөлшері шекті деңгейден 1,475 есе асса, 8 қыркүйектегі өлшеу нәтижесінде бірден үш зат бойынша — күкіртсутек, күкірт диоксиді және көміртек оксиді бойынша нормативтен жоғары көрсеткіш анықталды.

Ең жоғары көрсеткіш күкіртсутек бойынша тіркелді. Ол шекті деңгейден 1,938 есе асса, күкірт диоксидінің концентрациясы 1,862, ал көміртек оксиді бойынша 1,679 есе асып отыр. Ал азот диоксиді, азот оксиді, PM2.5 және PM10 өлшенген бөлшектерінің концентрациясы белгіленген шектен аспаған.

Бүгін де ауа сапасы жақсармайды. Өскеменде 8 қыркүйек сағат 20:00-ден 9 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды.

Мұндай метеорологиялық жағдайда атмосферадағы ластаушы заттар нашар таралып, жерге жақын ауа қабатында жиналуы мүмкін. Қолайсыз метеорологиялық жағдайдың ең төменгі — бірінші дәрежесі кезінде қала мектептері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мамандар тұрғындарға далада жүру уақытын қысқартуға және мүмкіндігінше терезелерді жабық ұстауға кеңес берді.

Новые статьи

ШҚО-ға тұмауға қарсы вакцинаның 52 мыңнан астам дозасы жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы екпе алу науқаны жалғасып жатыр. Өңірге вакцинаның 52 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Ал облыстық бюджет есебінен барлығы «Гриппол» вакцинасының...

В ВКО поступило более 52 тысяч доз вакцины против гриппа

В Восточно-Казахстанской области продолжается прививочная кампания против гриппа. В регион уже доставили более 52 тысяч доз вакцины, а всего за счёт областного бюджета закуплено...

Жаңа әуежай қанша жолаушы қабылдай алады және Шығыс Қазақстанға қандай мүмкіндік береді?

  Шығыс Қазақстан жаңа әуежайдың ашылуына дайындалып жатыр. Катонқарағай ауданында құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған әуежай көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, туризмді...

На модернизацию коммунальных сетей Казахстана направят 1,1 трлн тенге

В Казахстане намерены расширить круг банков, которые кредитуют проекты по обновлению коммунальной инфраструктуры. Заместитель премьер-министра Канат Бозумбаев поручил подготовить предложения по упрощению доступа коммунальных...