Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Алтай ауданының мәдени күндері өтеді.

Іс-шаралар бағдарламасы 17 қыркүйек күні сағат 10:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен аудан өкілдерінің кездесуінен басталады.

Ары қарай 18 қыркүйекте Арбатта жалғасады. Сағат 10:00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары көрмелер мен таныстырылымдар арқылы ауданның тыныс-тіршілігімен таныса алады. Көрмелерде балалар шығармашылығы, табиғат, туризм, экологиялық бастамалар, Алтайдың мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылады. Сондай-ақ ауданның дамуына бағытталған заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне арналған арнайы бөлім қарастырылған.

Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Алтай: цифрлық болашақ аумағы» көрмесінің ашылуы өтеді. Келушілерге ауданның жетістіктері, жүзеге асырылып жатқан жобалар және өңірде енгізіліп жатқан заманауи шешімдер таныстырылады.

Сағат 18:00-де филармонияның концерт залында Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама басталады. Алтай ауданының мәдени күндері 19 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесімен қорытындыланбақ. Жәрмеңке сағат 8:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында басталады. Келушілер аудан шаруагерлерінен тікелей сапалы жергілікті өнімдерді сатып ала алады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...