Катонқарағайда лақтарымен жүрген тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды.

— Кадрлардан аталық, аналық тауешкілер және өсіп келе жатқан лақтар бірге көрінеді. Аталықтарын ірі әрі көлемді мүйіздерінен оңай ажыратуға болады, ал аналықтарының мүйіздері айтарлықтай кіші, — деп хабарлады Катонқарағай ұлттық паркінен.

Төлдегеннен кейінгі тауешкілердің мінез-құлқы да қызық. Ересек аталықтар көбіне топтан бөлініп кетсе, жас аталықтар аналықтар мен лақтардың жанында жүре береді.

— Сондықтан кейде фототұзақ объективіне ересек жануарлар мен төлдері бірге жүрген осындай «отбасылық» кадрлар түсіп қалады. Фототұзақтар жануарларды үркітпей, олардың табиғи тіршілігіне араласпай осындай сәттерді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл кадрлар парктің жабайы жануарларын бақылап жүрген орманшы Жомарт Аманбаевтың еңбегінің арқасында түсірілді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

ШҚО-ға тұмауға қарсы вакцинаның 52 мыңнан астам дозасы жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы екпе алу науқаны жалғасып жатыр. Өңірге вакцинаның 52 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Ал облыстық бюджет есебінен барлығы «Гриппол» вакцинасының...

В ВКО поступило более 52 тысяч доз вакцины против гриппа

В Восточно-Казахстанской области продолжается прививочная кампания против гриппа. В регион уже доставили более 52 тысяч доз вакцины, а всего за счёт областного бюджета закуплено...

Жаңа әуежай қанша жолаушы қабылдай алады және Шығыс Қазақстанға қандай мүмкіндік береді?

  Шығыс Қазақстан жаңа әуежайдың ашылуына дайындалып жатыр. Катонқарағай ауданында құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған әуежай көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, туризмді...

На модернизацию коммунальных сетей Казахстана направят 1,1 трлн тенге

В Казахстане намерены расширить круг банков, которые кредитуют проекты по обновлению коммунальной инфраструктуры. Заместитель премьер-министра Канат Бозумбаев поручил подготовить предложения по упрощению доступа коммунальных...