Облыс орталығында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
— Жол апаты кеше Шешек ауданында тіркелді. Белгілі болғандай, Hyundai және Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктер соқтығысқан, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

