Өскеменде отбасылық спорт фестивалі өтті

Өскемендегі мемориалдық кешен маңындағы жағалауда Kazzinc Family Run фестивалі өтті. Отбасылық спорт мерекесіне екі мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында 4,2 км жеке жүгіру қашықтығына шыққан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та болды.

Фестивальді Minimarathon.kz жүгіру жобасы ұйымдастырды, бас демеуші – «Қазмырыш».

Іс-шараның отбасылық сипаты оның атауымен ғана шектелген жоқ. Бағдарлама ата-аналарымен бірге жүгірген екі-үш жастағы балаларға арналған 100 метрлік қашықтықтан басталды. Алты-тоғыз жастағы ұлдар мен қыздар үшін 500 метр, ерекше қажеттіліктері бар қатысушылар үшін 700 метрлік қашықтық дайындалды.

10-нан 17 жасқа дейінгі қатысушылар бір шақырымға жүгірді. Ересектер мен дайындығы бар әуесқой жүгірушілер үшін 4,2 км жеке жарыс, сондай-ақ дәл осындай қашықтықтағы командалық-отбасылық жүгіру ұйымдастырылды. Фестиваль бағдарламасына скандинавиялық жүріс те енді.

Нұрымбет Сақтағанов қатысушыларды фестивальдің ашылуымен құттықтады. Өңір басшысы бұл жарыс балалар мен ата-аналарды, достар мен спорт әуесқойларын біріктіргенін, ал оның маңызы спорттық нәтижелермен ғана шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға көмектеседі.

Әкім мұны жеке үлгісімен де көрсетті. Ол басқа қатысушылармен бірге 4,2 км жеке жүгіру қашықтығын еңсерді.

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі – оған әр жастағы адамдардың қатысуы. Ол үлкен жетістіктер мен жеңістер әрдайым кішкентай қадамнан басталатынын атап өтті. Біреулер үшін сондай қадам ата-анасымен бірге жүгірген алғашқы 100 метр болса, енді біреулер үшін 4,2 км отбасылық жарыс болды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 1 628 спорт нысаны жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 313 961 адам, яғни өңір халқының 45%-ы айналысады.

– Мұндай бұқаралық спорттық іс-шаралар өңірімізде спортты дамытуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Қашықтықтардың бір бөлігі жеңімпаздарды анықтамайтын бұқаралық жүгіру форматында өтті. Ал жарыс бағдарламасында жүлдегерлер бірнеше жас санаты бойынша анықталды. Мәреге жеткен барлық қатысушы естелік медаль алды. Жарыс қашықтықтарында жеңіске жеткендер мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар және сыйлықтар табысталды.

Kazzinc Family Run фестивалінің басты қорытындысы медальдар мен жас санаттарындағы нәтижелер ғана емес. Іс-шара отбасылық спорттың жасы мен дайындық деңгейі әртүрлі адамдарға қолжетімді екенін көрсетті: бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге сөреге шығады, ересектер балаларын қолдайды, ал отбасылар уақытын белсенді әрі бірге өткізеді. Ол үшін міндетті түрде рекорд орнатудың қажеті жоқ. Кейде алғашқы қадамды жасап, сөреге келудің өзі жеткілікті.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел семейный спортивный фестиваль

На набережной Усть-Каменогорска возле мемориального комплекса состоялся Kazzinc Family Run. Семейный спортивный фестиваль собрал более двух тысяч участников. Одним из них стал аким Восточно-Казахстанской...

В Усть-Каменогорске прошёл массовый забег KAZZINC FAMILY RUN

В областном центре KAZZINC FAMILY RUN превратил городскую набережную в большую площадку для семейного спорта. На старт рядом с мемориальным комплексом вышли более 2...

Капитан полиции из ВКО завоевал золото Всемирных игр кочевников

Капитан полиции Достан Ошабаев, сотрудник управления административной полиции департамента полиции Восточно-Казахстанской области и член спортивного клуба МВД РК «Арлан», стал победителем соревнований по перетягиванию...

В Астане прошла конференция трансплант-координаторов со всей страны

В Астане состоялась ежегодная республиканская конференция трансплант-координаторов, организованная Республиканским центром координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг. Встреча проводится в рамках кураторского сопровождения специалистов из...