Қала тұрғындары көшедегі жарықшамдардың күндізгі уақытта бостан босқа жанып тұратындығын жиі айтып жатады.
Бүгін де Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы Көкжал Барақ көшесінде жарықшамдардың жанып тұрғандығы байқалған.
Бұның себебін Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен түсіндіріп берді.
— Жарық желісіндегі ақауларды анықтау мақсатында күндізгі уақытта кей көшелерде жарықшамдары жағылады. 7 қазан күні осындай тексеру жұмыстары Көкжал Барақ көшесінде жүргізілді, — деп хабарлады бөлім мамандары.