Риддерде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,4%-ға ұлғайды

Бұл туралы бүгін Риддер қаласы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
«Риддердің ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор. 7 айда ондағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,4%-ға ұлғайды. Қалада 104 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Риддердің өзінің қайта өңдеу базасы құрылды. «Milkom» ЖШС жылына 7,2 мың тоннаға дейін сүт шығарады», — деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, қалада дайын өнім көбірек өндірілуі үшін жергілікті шикізат көлемін және жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту қажет.

«Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету – бір бөлек мәселе. Жайылымдардың жалпы ауданы 14,1 мың га құрайды. Бұл ретте шаруашылықтағы мал үшін қосымша шамамен 3,5 мың га жер қажет. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға белсенді тартып, жемшөп базасын нығайту және халықтың жайылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Қосымша құн мен жұмыс орындары Риддерде қалуы үшін «жем-шөп базасы – мал шаруашылығы – қайта өңдеу – сатудың» бірыңғай тізбегі жұмыс істеуі тиіс», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі Риддер қаласының әкіміне құзырлы басқармалармен бірлесіп, қаланың 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету және жайылым тапшылығын қысқарту жөнінде шаралар қабылдауды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесе отырып, жергілікті шикізат көлемін, қайта өңдеу қуаттарының жүктемесін ұлғайту және өнімді өткізу арналарын кеңейту міндеттерін қойды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...