Риддерде 600 орындық жаңа заманауи мектеп ашылды

Бүгін Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС жеке қаражаты есебінен салынған, мемлекеттік оқыту тіліндегі 600 оқушыға арналған жаңа жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Ауқымды әлеуметтік жоба қаланың 5-ші шағын ауданында жүзеге асырылды. Жаңа білім ордасының жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асады. Үш блокты ғимарат қауіпсіздік пен жайлылықтың озық стандарттарына қатаң сәйкес жобаланып, жабдықталған.

«Биыл облысымызда 10 мыңға жуық жас бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр.  Оның 60-тан астамы осы Шаңырақ мектебіне қабылданды. Жаңа оқу жылында шекаралық аймақ саналатын Марқакөл ауданы, жаңадан құрылған Самар ауданы және өндірісі қуатты Риддер қаласында үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. 600 орындық заманауи «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы – келешекте білім мен инновацияның көшін бастап, еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастарын тәрбиелейтін іргелі білім ордасына айналсын. Жаңа оқу жылы құтты болсын!», — деді аймақ басшысы.

Білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуы және шығармашылық тұрғыда дамуы үшін барлық жағдай жасалған: 5-11 сыныптарға арналған кең оқу кабинеттері, мамандандырылған шеберханалар, заманауи кітапхана, ресурс орталығы, бастауыш сыныптарға арналған толығымен оқшауланған және қауіпсіз оқу аймағы бар. Ғимаратта үлкен және кіші спорт залдары, 135 орындық акт залы, толыққанды медициналық блок, логопед пен психолог кабинеттері қарастырылған.

Балалардың сапалы тамақтануына ерекше назар аударылып, заманауи асхана жабдықталған. Мектептің іргелес аумағы да көпфункционалды спорттық-ойын алаңына айналды. Мұнда футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған заманауи алаңдар, кәсіби 250 метрлік жүгіру жолағы, әртүрлі жас тобындағы балаларға арналған жайлы ойын және демалыс аймақтары жабдықталған.

Жаңа мектептің пайдалануға берілуі қаланың білім беру инфрақұрылымын дамытуға қуатты серпін беріп, өскелең ұрпақ үшін қолайлы, технологиялық орта қалыптастырады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...