ШҚО-да түрмеден қашып кеткен ер адам басқа өңірде ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сүйенсек, алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген ер адам түзету мекемесі аумағынан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып, таңертең жұмысқа кеткеннен кейін қайтып оралмаған.

Сотталған азаматтың № 24 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен қашқаны анықталған сәттен бастап ҚАЖ департаментінің қызметкерлері іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, бес сағат ішінде ер адамның қалай қарай кеткенін анықтады. Олар Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, сотталған азаматты басқа өңірде ұстады.

— Қызметкерлердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында қозғалыс бағыты анықталып, сотталған азамат ұсталды. Қазіргі уақытта жазасын өтеуден жалтару дерегі бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...