Шығыс Қазақстан мен Беларусь бірлескен кәсіпорындар ашуды жоспарлап отыр

ШҚО мен Беларусьтің Могилев облысы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Өзара тауар жеткізумен қатар, тараптар лифт, техника және жиһазды бірлесіп өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, туристік жобаларды іске асыру және студенттер алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Могилев облыстық атқару комитетінің төрағасы Анатолий Исаченкомен кездесті. Беларусь делегациясының құрамына Могилев облысындағы кәсіпорындардың басшылары кірді.

Келіссөздер облыстық басқарма басшыларының, мәслихат пен ШҚО әкімдігі өкілдерінің қатысуымен шағын құрамда өтті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды, агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіптік кооперацияны, білім беру, туризм және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылады.

– Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас достық әрі сындарлы сипатқа ие. Бүгінде оны өңіраралық деңгейде нақты мазмұнмен толықтыру маңызды. Кәсіпорындар арасындағы тікелей байланысты кеңейтіп, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын тауып, бірлескен жобаларды іске қосу қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО әкімінің айтуынша, ынтымақтастықты дамытуға екі ел президенттері арасындағы уағдаластықтар ықпал етеді. Ендігі міндет – оларды екі тарапқа да экономикалық тиімділік әкелетін нақты жобаларға айналдыру.

Беларусь Шығыс Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастық көлемі бойынша ТМД елдері арасында екінші орында тұр. Өткен жылы ШҚО мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 9,2 млн долларды құрады. 2026 жылғы қаңтар–мамыр аралығында бұл көрсеткіш 4,13 млн долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті. Экспорт 65%-ға артып, 1,31 млн долларға жетті.

Беларусь кәсіпорындары Шығыс Қазақстаннан вакциналар, сарысулар, техника және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алады. Сонымен қатар тараптар саудадан өнеркәсіптік кооперацияға және бірлескен өндірістер құруға көшу перспективалы бағыт деп санайды.

Ықтимал жобалардың бірі – лифт өндірісі. Өңірде «Лифтэк» компаниясымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылып отыр. Мұндай жоба ШҚО-да жаңа жұмыс орындарын ашуға, жабдықтың құнын төмендетуге және оған қызмет көрсетуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, тұрғын үй қорындағы ескі лифтілерді ауыстыру бағдарламасы мен жаңа тұрғын үй құрылысы қосымша сұраныс қалыптастырады.

Тағы бір бағыт – жиһаз өндірісі. Беларусь тарапы жиһаз бен оны өндіруге қажетті материалдарды жеткізуге дайын. Сондай-ақ ШҚО аумағында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастырып отыр. Онда балабақшалар мен мектептерге арналған жиһаз, сондай-ақ премиум санаттағы өнім шығару жоспарланған.

Могилев облысы – Беларусьтің ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі. Мұнда шина, лифт, трактор және басқа да техника шығаратын 1600-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Сондықтан тараптар ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен заманауи жабдық өндірісін ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде жеке атап өтті.

Келіссөздердің едәуір бөлігі агроөнеркәсіп кешеніне арналды. Нұрымбет Сақтағанов ШҚО-ның ет және сүт өндірісі, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, балық шаруашылығы мен бал өндіру салаларындағы ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.

Могилев облысы да ауыл шаруашылығы, ет және сүт өнімдерін өңдеу, тамақ өнеркәсібі мен балық шаруашылығы салаларындағы жобаларға қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге Беларусь тарапы аграрлық салада ғылыми әзірлемелерді қолдану тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Анатолий Исаченко екі өңір кәсіпорындары арасында тікелей байланыс орнатудың маңызын атап өтті. Оны дамыту үшін тараптар келіссөздерді жандандыруды, бизнес-миссиялар өткізіп, іскерлік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесуге қатысушылар туризм саласын да жеке талқылады. Могилев облысы ШҚО туроператорларына санаторий-курорттық және тарихи туризм мүмкіндіктерін таныстыру үшін ақпараттық сапарлар ұйымдастыруға дайын. Шығыс Қазақстан өз кезегінде Беларусьтің туризм саласы өкілдерін қабылдап, оларды өңірдің табиғи көрікті жерлері мен туристік бағыттарымен таныстыруды жоспарлап отыр.

Білім беру саласында тараптар студенттер мен ғылыми әзірлемелер алмасу, сондай-ақ оқу орындары арасындағы байланысты дамыту мүмкіндігін қарастырды. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Шығыс Қазақстан облысында беларусь ұлтының 1,7 мыңға жуық өкілі тұрады. Бұл осындай байланысты одан әрі дамытуға қосымша негіз болады.

Кездесу қорытындысында тараптар белгіленген бағыттарды егжей-тегжейлі пысықтап, нақты жобаларды дайындауға кірісуге уағдаласты.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске танковые экипажи провели стрельбы штатными снарядами

В воинской части 27943 Усть-Каменогорского гарнизона прошло очередное занятие по боевой подготовке. Танковые экипажи выполнили практические стрельбы штатными снарядами и отработали действия при выполнении...

Казахстан планирует расширить сеть автономных солнечных зарядных станций для электромобилей

Казахстан рассматривает возможность масштабирования автономных green-tech решений в регионах. Одним из таких проектов стала первая в СНГ полностью автономная солнечная зарядная станция для электромобилей,...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Августовской конференции

Поздравляю вас с открытием традиционной Августовской конференции! На сегодняшний форум были приглашены талантливые учителя со всех регионов Казахстана. Сильный педагог – надежная опора прогрессивной нации....

Восточный Казахстан принимает участников международного инфо-тура TBEX 2026

Восточный Казахстан стал площадкой для международного инфо-тура TBEX 2026. Регион посетили travel-блогеры, журналисты и представители туристической индустрии из разных стран. По приглашению Visit East Qazaqstan...