Шығыс Қазақстан беларусьтік серіктестермен жаңа келісімдер топтамасына қол қойды

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде ШҚО мен Беларусьтің Могилев облысының инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуеті таныстырылды. Кездесу қорытындысында өңіраралық ынтымақтастықты, іскерлік байланыстарды дамытуды, сондай-ақ лифт жабдықтарын өндіру және жаңғырту саласындағы бірлескен жобаларды көздейтін құжаттар топтамасына қол қойылды.

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов модераторлық етті. Беларусь тарапынан Могилев облыстық атқару комитетінің төрағасы Анатолий Исаченко қатысты.

– Екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда өңірлер арасындағы ықпалдастық ерекше рөл атқарады. Дәл осы өңіраралық деңгейде бірлескен инвестициялық бастамалар жүзеге асып, кәсіпорындар арасындағы іскерлік байланыстар кеңейеді, өнеркәсіптік кооперация дамиды, озық технологиялар мен тәжірибе алмасу жолға қойылады, бизнес пен инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Анатолий Исаченко Беларусь тарапының ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

– Бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымыз. ШҚО-дағы достарымызды Могилев облысында әрдайым қуана қарсы аламыз, – деді ол.

ШҚО-ның экономикалық, өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов таныстырды. Могилев облысының мүмкіндіктері туралы Могилев облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Елена Прудникова-Кирпиченок баяндады.

Талқылауға ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Дамир Мамиев пен Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасы Могилев бөлімшесінің бас директоры Геннадий Черный да қатысты. Геннадий Черный Могилев облысының бизнес-делегациясын таныстырып, беларусьтік кәсіпорындардың алдағы ынтымақтастыққа қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу қорытындысында Нұрымбет Сақтағанов пен Анатолий Исаченко сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі меморандум мен бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жеке жол картасы Өскемен мен Бобруйск қалалары арасындағы ынтымақтастыққа арналған. 2026–2028 жылдарға арналған құжатқа Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов пен Бобруйск қалалық атқару комитетінің төрағасы Максим Гурин қол қойды. Құжат екі қала арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыруды көздейді.

Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өңіраралық әріптестік те меморандуммен бекітілді. Құжатқа ШҚО бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев пен Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасы Могилев бөлімшесінің бас директоры Геннадий Черный қол қойды.

Тағы бір құжат «Ертіс» ӘКК мен «Могилев» еркін экономикалық аймағы арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты қарастырады. Меморандумға корпорацияның басқарма төрағасы Абил Донбаев пен «Могилев» ЕЭА әкімшілігі басшысының орынбасары Ирина Давыденко қол қойды.

Сонымен қатар «Ертіс» ӘКК, «Могилевлифтмаш» ААҚ және «ЛИФТЭК» ЖШС лифт жабдықтарын өндіру және жаңғырту саласында ынтымақтасуға келісті. Үшжақты меморандумға Абил Донбаев, «Могилевлифтмаш» бас директорының орынбасары Андрей Поляков және «ЛИФТЭК» директоры Асхат Нурушев қол қойды.

Новые статьи

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Августовской конференции

Поздравляю вас с открытием традиционной Августовской конференции! На сегодняшний форум были приглашены талантливые учителя со всех регионов Казахстана. Сильный педагог – надежная опора прогрессивной нации....

Восточный Казахстан принимает участников международного инфо-тура TBEX 2026

Восточный Казахстан стал площадкой для международного инфо-тура TBEX 2026. Регион посетили travel-блогеры, журналисты и представители туристической индустрии из разных стран. По приглашению Visit East Qazaqstan...

В Таджикистане стартовали Дни казахстанской медицины

В Таджикистане начались Дни казахстанской медицины, в рамках которых специалисты двух стран проводят консультации пациентов, совместные операции, мастер-классы, клинические разборы и образовательные мероприятия. Казахстанскую делегацию...

Казахстан и ЕС расширяют сотрудничество в сфере безопасности пищевой продукции

В Астане проходит учебная миссия в рамках программы Европейского Союза BTSF (Better Training for Safer Food – «Лучшее обучение для безопасности пищевых продуктов»). Ее...