ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы сайлау комиссиялары жұмысының кәсібилігіне тәнті болды

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысындахалықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырудың бірқатар бағытына жоғары баға берді.

ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ бақылаушылар сайлауға техникалық дайындықтың кәсіби әрі уақытылы жүргізілгенін, комиссия мүшелерінің даярлығын, азаматтарға қажетті мәліметтің кеңінен таратылғанын және мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың дауыс беруіне жасалған мүмкіндіктерді оң бағалады.

Сондай-ақ, миссия материалдарында Орталық сайлау комиссиясының сайлауға техникалық дайындықты заңда белгіленген мерзімде жүргізгені алға тартылды.
Сонымен қатар, байқаушылар кадрларды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударды.

ДИАҚБ байқаушылары өздері қатысқан іс-шаралар аясында сайлау комиссиялары мүшелерін оқытудың жалпыұлттық каскадты бағдарламасына оң бағалады.
Миссия өкілдерінің айтуынша, ОСК сайлаушыларды кең ауқымды ақпараттандыру науқанын жүргізіп, сайлау учаскелерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге және мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына жәрдемдесуге айтарлықтай күш-жігер жұмсаған.

ОСК жұмысының ашықтығы да оң бағаланды. Комиссия отырыстары тұрақты түрде өткізіліп, қазақ және орыс тілдерінде тікелей эфирде көрсетіліп отырды. Сонымен бірге, қазақ және орыс тілдеріне ілеспе сурдо аударма қамтамасыз етіліп, қабылданған шешімдер ОСК сайтында уақытылы жарияланып отырды.

Сондай-ақ, олар сайлау күні бірқалыпты әріұйымдасқан түрде өткенін атап өтті. Жалпы алғанда, халықаралық миссия байқаушылары көбіне сайлау учаскелерінің ашылуы мен дауыс беру барысын оң бағалаған.

Мұндай жоғары бағаның берілуі сайлау барысының техникалық тұрғыдан жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді: комиссия мүшелерін даярлау мен шешімдердің жариялылығынан бастап, азаматтарды ақпараттандыруға және дауыс беруге қолжетімді ортаны қалыптастыруға дейінгі барлық бағыт қамтылған.

Сөз соңында ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ миссиясының өкілдері сайлаудың кәсіби түрде ұйымдастырылғанын және заңда белгіленген мерзімдердің қатаң сақталғанын тағы да бір мәрте еске салды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...