Қазақстан гуманоид роботтар өндірісін іске қоспақ

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Жоба робототехника, жасанды интеллект және өнеркәсіптік өндірісті біріктіреді. Оған жоғары оқу орындары, ғалымдар, студенттер мен технологиялық компаниялар тартылады.

Жоба Астанадағы Alem.ai алаңында өткен Qazbot Robotics Forum барысында таныстырылды. Форумға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, технологиялық компаниялар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Өндірісті гуманоид роботтар мен Embodied AI саласындағы шешімдерді әзірлеуге және шығаруға маманданған AgiBot халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп дамыту жоспарланған.

Серіктестік аясында технологияларды Қазақстанда жергіліктендіру, инженерлік құзыреттерді дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу және мамандар даярлау көзделген. Яғни әңгіме дайын роботтарды жай ғана сатып алу туралы емес, еліміздің өз технологиялық базасын қалыптастыру жөнінде болып отыр.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан осы бағыттағы жұмыстың толық циклін құруды көздейді.

– Біздің міндетіміз – дайын технологиялық шешімдерді енгізумен шектелмей, Қазақстанда өзіміздің инженерлік және ғылыми құзыреттерімізді қалыптастыру. Гуманоид роботтар өндірісі университеттерді, ғалымдар мен индустрияны бірыңғай технологиялық тізбекке біріктіретін алаңға айналуға тиіс. Әңгіме мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулерден бастап, технологиялық шешімдерді әзірлеу және оларды өнеркәсіпте қолдануға дейінгі толық цикл туралы болып отыр. Біз білім, ғылым және өндірісті ықпалдастырудың дәл осындай моделін кеңейтуді көздейміз, – деді Саясат Нұрбек.

Жаңа бағыттың кадрлық базасы қазақстандық жоғары оқу орындарында қазірдің өзінде қалыптасып жатыр. Бүгінде оларда робототехника, мехатроника, өнеркәсіптік автоматтандыру, интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект салалары бойынша 56 білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.

Жобаның бір бағыты жоғары оқу орындарының AgiBot компаниясымен тікелей ынтымақтастығына арналады. Ғалымдар, оқытушылар мен студенттерді гуманоид робототехника және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге тарту жоспарланған. Сонымен қатар серіктестер бейінді мамандар даярлап, заманауи робототехникалық шешімдерді Қазақстан өнеркәсібінің қажеттіліктеріне бейімдеумен айналысады.

Жобаға Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) да қосылды. Институт гуманоид робототехника саласындағы құзыреттерді дамыту бойынша ғылыми және жүйелік интеграциялық серіктес болады.

Форум барысында Саясат Нұрбек QAZBOT және AgiBot басшылығымен кездесті. Тараптар инженерлік кадрлар даярлау, бейінді зертханалар құру, бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ студенттер мен ғалымдарды гуманоид робототехника жобаларына тарту мәселелерін талқылады.

Жоба Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы ауқымды жұмысы аясында жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде жоғары оқу орындарында студенттердің ЖИ саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасы жұмыс істейді.

Жоба авторлары білім, ғылым және нақты секторды бірыңғай тізбекке біріктіріп, Қазақстанда робототехника мен жасанды интеллект саласындағы дербес инженерлік және ғылыми құзыреттер қалыптастыруды көздейді.

Новые статьи

В ВКО идет уборочная кампания урожая 2026 года

В Восточно-Казахстанской области продолжается уборочная кампания. Для аграриев наступил один из самых ответственных периодов сельскохозяйственного года – необходимо собрать выращенный урожай в оптимальные сроки...

77 тыс. км газораспределительных сетей готовят к отопительному сезону

В Казахстане продолжается подготовка газового хозяйства к осенне-зимнему периоду 2026–2027 годов. Общая готовность газораспределительной инфраструктуры на сегодняшний день составляет 91%. В зоне ответственности АО «QazaqGaz...

Казахстан готовит собственное производство гуманоидных роботов

В Казахстане планируют запустить производство гуманоидных роботов. Проект объединит робототехнику, искусственный интеллект и промышленное производство, а к работе привлекут вузы, ученых, студентов и технологические...

В ВКО 35 человек привлекли к ответственности за нарушения законодательства о гражданстве

В Восточно-Казахстанской области с начала года выявили более 550 случаев утраты гражданства Казахстана, большинство из которых связаны с приобретением гражданами иностранного гражданства. При этом некоторые...