ҚазжолҒЗИ Қытайдың жолдар мен көпірлерді бақылау технологияларын зерделеді

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандары Қытайда жасанды интеллектіні пайдалану, жолдар мен көпірлерді цифрлық мониторингілеу технологияларын, сондай-ақ жол материалдарының жаңа түрлерін зерттеді. Ең перспективалы шешімдерді Қазақстанның климаттық және пайдалану жағдайларына бейімдеу жоспарланып отыр.

14–19 тамыз аралығында ҚазжолҒЗИ өкілдері Нанкин қаласында 2026 Engineering Capacity Building Program халықаралық бағдарламасы аясында оқудан өтті. Бағдарлама серіктес JSTI Group ұйымының шақыруымен ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Камбоджа және Азияның басқа да елдерінен инженерлер қатысты. Мамандарға Қытайдың озық инженерлік әзірлемелері мен жол инфрақұрылымын басқару технологиялары таныстырылды.

Бағдарламаның негізгі тақырыптарының бірі жасанды интеллектіні қолдану болды. ҚазжолҒЗИ мамандары Цзянсу провинциясындағы жоғары жылдамдықты автомагистральдар желісін пайдалану және басқару орталығына барды. Мұнда жолдардың жағдайы мен көлік ағындары туралы мәліметтер нақты уақыт режимінде түсіп отырады.

Интеллектуалды жүйелер көлік кептелістерін болжайды, жол-көлік оқиғаларын автоматты түрде анықтайды және қозғалысты жедел үйлестіруге көмектеседі. Бұл тәсілдің мәні – мәселенің ушығуын күтпей, оны алдын ала анықтау.

Институт өкілдері көпірлерді цифрлық мониторингілеу тәжірибесін де зерттеді. Янцзы өзені арқылы өтетін ванталы және аспалы көпірлерде Structural Health Monitoring (SHM) жүйелері қолданылады. Орнатылған датчиктер тәулік бойы дірілді, деформацияны және құрылымдардағы басқа да өзгерістерді тіркейді. Болжамдық модельдер осы деректерді талдап, ықтимал қауіптерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында мамандар Озық жол материалдарының ұлттық инженерлік зерттеу орталығына (NERC-ARM), Үлкен аралықты көпірлердің қауіпсіздігі мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұлттық негізгі зертханасына және Оңтүстік-Шығыс университетінің (Southeast University) зерттеу орталықтарына барды.

Қазақстандық мамандар жаңа буындағы жол материалдарымен танысты. Олардың қатарында өздігінен қалпына келетін және энергия тиімді жабындар, сондай-ақ беріктігі жоғары модификацияланған асфальтбетондар бар. Мұндай материалдар қарқынды жүктемелер мен күрделі климаттық жағдайларға арналған.

Температураның айтарлықтай құбылуы мен автомобиль жолдарының жөндеуаралық мерзімін ұзарту қажеттігін ескерсек, бұл бағыт Қазақстан үшін ерекше маңызды.

– Заманауи тәсілдің мәні – күрделі ақаудың пайда болуын күтпей, оның қай жерде және қашан туындауы мүмкін екенін алдын ала анықтау. Қытайда зерделенген жасанды интеллект, цифрлық егіздер және аспаптық мониторинг технологиялары ҚазжолҒЗИ отандық жол саласында дамытып жатқан бағытқа сәйкес келеді. Біздің міндетіміз – ең тиімді шешімдерді Қазақстан жағдайына бейімдеп, оларды жол активтерін диагностикалау мен басқаруда қолдану, – деп атап өтті Институт мамандары.

ҚазжолҒЗИ жинақталған тәжірибені жолдар мен жасанды құрылыстарды мониторингілеудің интеллектуалды жүйелерін дамытуға, инфрақұрылымды диагностикалауды жетілдіруге және ұзақ мерзімге шыдайтын жол материалдарын зерттеуге пайдалануды жоспарлап отыр.

Новые статьи

77 тыс. км газораспределительных сетей готовят к отопительному сезону

В Казахстане продолжается подготовка газового хозяйства к осенне-зимнему периоду 2026–2027 годов. Общая готовность газораспределительной инфраструктуры на сегодняшний день составляет 91%. В зоне ответственности АО «QazaqGaz...

Қазақстан гуманоид роботтар өндірісін іске қоспақ

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Жоба робототехника, жасанды интеллект және өнеркәсіптік өндірісті біріктіреді. Оған жоғары оқу орындары, ғалымдар, студенттер мен технологиялық...

Казахстан готовит собственное производство гуманоидных роботов

В Казахстане планируют запустить производство гуманоидных роботов. Проект объединит робототехнику, искусственный интеллект и промышленное производство, а к работе привлекут вузы, ученых, студентов и технологические...

В ВКО 35 человек привлекли к ответственности за нарушения законодательства о гражданстве

В Восточно-Казахстанской области с начала года выявили более 550 случаев утраты гражданства Казахстана, большинство из которых связаны с приобретением гражданами иностранного гражданства. При этом некоторые...