Қазақстанда сайлау учаскелерінің қолжетімділігі күн сайын тексеріліп жатыр

Қазақстандағы сайлау учаскелерінің 90%-дан астамы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Дегенмен тексерілген 9 015 учаскенің 1333-інде әлі де қосымша бейімдеу шараларын жүргізу қажет.

Тексерілген барлық учаске Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасына енгізілген. Мониторингті Еңбек министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және сайлау комиссиялары жүргізіп жатыр. Қалған кедергілерді дауыс беру күніне дейін жою жоспарланған.

Сайлау учаскесінің қолжетімді болуы үшін кіреберістегі бір пандус жеткіліксіз. Адам ғимаратқа өздігінен кіріп, оның ішінде еркін жүріп-тұруы және қажетті құралдарды пайдалана алуы керек.

Сайлаушылардың қажеттілігіне қарай учаскелерде мыналар қарастырылады:

пандустар немесе көтергіш құрылғылар;

көмек шақыру түймелері;

тактильді бағыттағыштар;

қажетті ені бар есік ойықтары;

жеткілікті жарықтандыру;

автотұрақ орындары;

көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған арнайы құралдар;

Брайль қарпімен жазылған ақпараттық материалдар;

ымдау тілі мамандары мен тифлосурдоаудармашылардың көмегі.

Қазақстанда сайлау жасындағы мүгедектігі бар 325 мыңнан астам адам тұрады. Олардың арасында тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті бұзылған азаматтар, сондай-ақ кресло-арбамен қозғалатын адамдар бар.

Дауыс беру күні әкімдіктер инватакси қызметін ұйымдастыруы тиіс. Мүгедектігі бар азаматтар өздерінің сайлау учаскесі қаншалықты қолжетімді екенін және онда қандай жағдай жасалғанын алдын ала біле алады.

Қажет болған жағдайда сайлаушы өзі таңдаған адамның көмегіне жүгіне алады. Егер денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмаса, азамат заңнамада белгіленген тәртіппен өзінің жүрген жерінде дауыс бере алады.

Қолжетімділік бойынша ең жоғары көрсеткіштер Астана мен Шымкентте тіркелген. Алматыда да көрсеткіш жоғары.

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қосымша жұмыс көбірек қажет. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктермен және сайлау комиссияларымен бірлесіп, учаскелерді тексеруді және анықталған кедергілерді жоюды жалғастырып жатыр.

Дауыс беру күніне дейін мониторинг күн сайын жүргізіледі. Бұл жұмыстың басты мақсаты айқын: мүгедектігі бар әрбір азамат өзгелермен тең дәрежеде дауыс беру мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Новые статьи

Беспилотный автотранспорт начнут тестировать на дорогах Казахстана

В Казахстане стартует трехлетний пилотный проект по внедрению автотранспортных средств с условной и высокой степенью автоматизации управления. Испытания будут проходить в Астане, Алматы и Косшы...

ІІМ жолдардағы цифрлық бақылауды күшейтіп жатыр

ІІМ цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысын бақылауды күшейтіп жатыр. Енді жол ережесін бұзу деректерін ұшқышсыз ұшу аппараттары, патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер, орташа жылдамдықты...

МВД усиливает цифровой контроль на дорогах

МВД усиливает контроль за дорожным движением с помощью цифровых технологий. Нарушения теперь фиксируют беспилотники, мобильные комплексы на патрульных автомобилях, системы контроля средней скорости и...

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар нақтыланды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды жариялады. Ата-аналар дүкен мен өндірушіні өздері таңдай алады. Ал мектептерге «барлығына ортақ шешім» деген желеумен...