Қазақстан кинотеатрлары бірыңғай жұмыс ережесіне көшуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кинопрокат нарығына бірыңғай ереже енгізуді ұсынды. Қазір кинотеатрлар мен дистрибьюторлар фильмдерді көрсету шарттарын ортақ стандартсыз келіседі. Бұл кинотеатрлардың репертуарына және көрермендердің жаңа фильмдерді көру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.

Талдау жүргізілген географиялық шекаралар аясында Қазақстанның кинопрокат қызметтері нарығының көлемі 2024 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 76,2 млрд теңгені құрады. БҚДА талдауы нарықтағы 60-тан астам қатысушының қызметін қамтыды.

Тексеру нарықтағы шоғырлану деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Kinopark-Kinoplexx Theatres желісі көш бастап тұр, ал Chaplin Cinemas екінші ірі қатысушы саналады.

Кейбір өңірлерде кинопрокат қызметін небәрі бір немесе екі қатысушы ұсынады. Мұндай жерлерде бәсеке де шағын залдағы сеанс секілді – ойыншыларды таңдау мүмкіндігі өте шектеулі.

Тағы бір мәселе – кинотеатрлар мен дистрибьюторлар арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай ережесі жоқ. Фильмдерді көрсету құқығын беру шарттары қандай туындылардың кинотеатр кестесіне енетінін және көрермендердің жаңа фильмдерді үлкен экраннан көре алатынын айқындайды.

Нарық «әркімнің өз сценарийі бар» қағидасымен жұмыс істей бермеуі үшін БҚДА Кинопрокат қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуді ұсынды. Агенттік дистрибьюторлар мен кинотеатрлар арасындағы Үлгілік шартты бекітіп, нарықты бақылау тетіктерін жетілдіру қажет деп санайды.

БҚДА бағалауынша, бұл шаралар нарық қатысушыларына фильм контентіне тең қол жеткізуге мүмкіндік береді, кинотеатрлар мен дистрибьюторлар арасындағы қарым-қатынасты ашық етіп, адал бәсекені дамытуға жағдай жасайды.

Новые статьи

Беспилотный автотранспорт начнут тестировать на дорогах Казахстана

В Казахстане стартует трехлетний пилотный проект по внедрению автотранспортных средств с условной и высокой степенью автоматизации управления. Испытания будут проходить в Астане, Алматы и Косшы...

ІІМ жолдардағы цифрлық бақылауды күшейтіп жатыр

ІІМ цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысын бақылауды күшейтіп жатыр. Енді жол ережесін бұзу деректерін ұшқышсыз ұшу аппараттары, патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер, орташа жылдамдықты...

МВД усиливает цифровой контроль на дорогах

МВД усиливает контроль за дорожным движением с помощью цифровых технологий. Нарушения теперь фиксируют беспилотники, мобильные комплексы на патрульных автомобилях, системы контроля средней скорости и...

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар нақтыланды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды жариялады. Ата-аналар дүкен мен өндірушіні өздері таңдай алады. Ал мектептерге «барлығына ортақ шешім» деген желеумен...