350 іс-шара, 50 мыңнан астам қатысушы – Қазақстан Абай күнін қалай атап өтті

Абай күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде 350 мәдени, білім беру, ғылыми-ағартушылық және спорттық іс-шара өтті. Оларға 50 мыңнан астам қатысушы мен көрермен жиналды. Бағдарлама концерттер мен гүл қою рәсімдерімен ғана шектелген жоқ – ақын мұрасы музей жобалары, кино, әдебиет, айтыс, тіпті ультрамарафон арқылы дәріптелді.

Негізгі бағыттардың бірі Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдарда Абай мұрасын таныту болды. Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында келушілерге ақын өмір сүрген дәуірден сыр шертетін қолжазбалар, архив құжаттары мен естеліктер ұсынылды. Жеке экспозиция бейнелеу өнеріндегі Абай тұлғасына арналды. Мұнда музей қорын заманауи форматтармен ұштастырған әдеби квест пен Абай әндерінің фестивалі де өтті.

Ұлттық музейде ойшылдың өмірі мен идеяларына арналған тақырыптық экскурсия және музей сабағы ұйымдастырылды. Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде балалар қазақстандық суретшілердің туындылары арқылы Абай бейнесімен танысты. «Отырар» музей-қорығында ақын идеяларының қазіргі Қазақстан үшін маңызын ашатын көрме өтті.

Ең ауқымды іс-шаралардың бірі Алматыда өткен «Абай әлемі» музыкалық-поэзиялық кеші болды. Оған 20 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы жиналды. Кеш барысында «Алғашқы кітап» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Картина 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының алғашқы жинағының тарихын және ақынның әдеби мұрасы қалың оқырманға қалай жеткенін баяндайды.

Бағдарлама халықаралық деңгейде Бейжіңде жалғасты. Қазақстанның мәдени орталығында Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі және «Цзиньтай» музейімен бірлесіп «Абай – Ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар Абай шығармаларын зерттеп, насихаттап жүрген қытайлық ғалымдар, жазушылар мен аудармашылардың көпжылдық еңбегіне ерекше назар аударды.

Өңірлерде ақын мұрасы әртүрлі форматта дәріптелді. Абай облысында «Abai Joly – 100 miles» ультрамарафоны және «Адамзаттың Абайы» республикалық айтысы өтті. Астанадағы «Сөз өнері. Жасампаз жас қалам» форумы жас қаламгерлердің басын қосты.

Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда «Абай оқулары», спектакльдер, көрмелер, концерттер және білім беру жобалары ұйымдастырылды. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында тұрғындар Абай Құнанбайұлының ескерткіштеріне гүл қойды.

Абай күні аяқталғанымен, ақын мұрасын зерделеу жұмыстары келесі атаулы күнге дейін үзіліске кеткен жоқ. Оның шығармаларын зерттеу және насихаттау шаралары елдің мәдениет мекемелерінде жалғасып жатыр.

Новые статьи

Беспилотный автотранспорт начнут тестировать на дорогах Казахстана

В Казахстане стартует трехлетний пилотный проект по внедрению автотранспортных средств с условной и высокой степенью автоматизации управления. Испытания будут проходить в Астане, Алматы и Косшы...

ІІМ жолдардағы цифрлық бақылауды күшейтіп жатыр

ІІМ цифрлық технологиялардың көмегімен жол қозғалысын бақылауды күшейтіп жатыр. Енді жол ережесін бұзу деректерін ұшқышсыз ұшу аппараттары, патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер, орташа жылдамдықты...

МВД усиливает цифровой контроль на дорогах

МВД усиливает контроль за дорожным движением с помощью цифровых технологий. Нарушения теперь фиксируют беспилотники, мобильные комплексы на патрульных автомобилях, системы контроля средней скорости и...

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар нақтыланды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды жариялады. Ата-аналар дүкен мен өндірушіні өздері таңдай алады. Ал мектептерге «барлығына ортақ шешім» деген желеумен...