Қазақстанда мемлекеттік қолдау спутник арқылы бақыланады

Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі деректерді тексеру үшін ғарыштық мониторингті белсенді пайдалану жоспарланып отыр. Ұсынылған мәліметтер спутниктік деректермен салыстырылады.

Бұл мәселе АӨК-тегі деректердің анықтығы жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алтыншы отырысында талқыланды. Жиын ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың төрағалығымен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде өтті.

Отырысқа Ұлттық статистика бюросының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері мен сала сарапшылары қатысты.

Мақсат Тұрлыбаев жұмыс тобы ведомстволық және статистикалық деректердің анықтығын арттыратын, сондай-ақ мемлекеттік қолдау көрсету кезінде заңбұзушылықтардың алдын алуға көмектесетін шешімдер әзірлеуі тиіс екенін атап өтті. Өсімдік шаруашылығындағы ақпаратты тексерудің негізгі құралы ретінде ғарыштық мониторинг қолданылып отыр.

– Біз тек ұсынылған мәліметтерге негізделген есептіліктен оларды спутниктік деректер арқылы объективті тексеруге көшуіміз керек. Бұл ресми статистиканың анықтығын арттыруға, мемлекеттік қолдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге және қабылданатын шешімдерге деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторинг – жай ғана заманауи технология емес, деректерді объективті тексерудің тиімді құралы, – деді Мақсат Тұрлыбаев.

Жиынға қатысушылар Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-ті цифрлық трансформациялау жобаларын да қарастырып, ведомствоаралық ақпарат алмасу мәселесін талқылады.

Ұлттық статистика бюросының өкілдерін АӨК-ті цифрлық трансформациялау офисінің құрамына енгізуге ерекше назар аударылды. Бұл цифрлық жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңдерінен-ақ деректердің сапасы мен салыстырмалылығына қойылатын талаптарды ескеруге мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мемлекеттік жоспарлау мен саланың дамуын болжау статистиканың анықтығына тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы IT-жүйелерді интеграциялау және ведомствоаралық деректер алмасу арқылы жүйелі есепке көшуі қажет.

Кездесу қорытындысында бейінді ведомстволарға заманауи цифрлық құралдарды енгізу жұмысын жалғастыру тапсырылды. Бұл мемлекеттік статистиканың ашықтығын арттырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шараларын неғұрлым нысаналы етуге және агросақтандыру жүйесін дамытуға көмектеседі деп күтілуде.

Новые статьи

Замороженные полуфабрикаты получили декларацию без реальных испытаний в Казахстане

В Уральске выявили факт «серой» сертификации замороженных мясосодержащих полуфабрикатов. Декларацию о соответствии ЕАЭС зарегистрировали на основании протокола алматинской лаборатории, однако выяснилось, что никаких испытаний...

Қазақстанда сайлау учаскелерінің қолжетімділігі күн сайын тексеріліп жатыр

Қазақстандағы сайлау учаскелерінің 90%-дан астамы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Дегенмен тексерілген 9 015...

В Казахстане ежедневно проверяют доступность избирательных участков

Более 90% избирательных участков в Казахстане доступны для лиц с инвалидностью, сообщает Министерство труда и социальной защиты населения РК. При этом 1333 из 9...

Қазақстан кинотеатрлары бірыңғай жұмыс ережесіне көшуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кинопрокат нарығына бірыңғай ереже енгізуді ұсынды. Қазір кинотеатрлар мен дистрибьюторлар фильмдерді көрсету шарттарын ортақ стандартсыз келіседі. Бұл...