Қазақстандықтардың 72,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауы туралы біледі және оған қатысуды жоспарлап отыр. Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, респонденттердің 89,4%-ы дауыс беру туралы хабардар, ал 72,3%-ы 2026 жылғы 23 тамызда сайлауға баруға ниетті екенін айтқан.

Зерттеу нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 55,2%-ы алдағы сайлау туралы ақпаратты жақсы біледі. Тағы 34,2%-ы дауыс беру өтетінін естігенімен, егжей-тегжейінен хабарсыз. Ақпараттану деңгейі жас ерекшелігіне байланысты: респонденттердің жасы ұлғайған сайын сайлау туралы білетіндердің үлесі арта түседі. Ауыл тұрғындары арасында да хабардарлық деңгейі жоғары.

Сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті екенін жеткізген. Сайлауға қатысуды жоспарламайтындар – 11,9%, ал 15,8%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған. Соңғы топқа жауап беруге қиналған респонденттердің 0,5%-ы да кіреді.

Ықтимал сайлаушылардың едәуір бөлігі бұған дейінгі саяси науқанға да қатысқан. 23 тамызда дауыс беруге ниетті азаматтардың 87,6%-ы 2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысқан. Бұл елдегі маңызды саяси оқиғалардан тұрақты түрде шет қалмайтын азаматтар тобы қалыптасқанын көрсетеді.

Ықтимал сайлаушылар арасында «Әділет» партиясы көш бастап тұр. Оған респонденттердің 67,3%-ы дауыс беруге дайын. Партияны қолдау көрсеткіші 36 жастан 60 жасқа дейінгі азаматтар мен ауыл тұрғындары арасында жоғары. Сонымен қатар партия жақтастары сайлауға қатысуға ниетті екенін жиі айтқан.

Екінші орында 6,2% көрсеткішпен «Ауыл» партиясы тұр. Одан кейін Respublica – 5,5%, «Ақ жол» – 4,8%, ЖСДП – 4,3%, ҚХП – 3,9% және «Байтақ» – 1,1%.

Сауалнамаға қатысқандардың тағы 1,6%-ы барлық партияға қарсы дауыс бермек. Респонденттердің 5,3%-ы әлі таңдау жасамаған.

Партияны таңдаудағы басты себеп – оның бастамаларына оң баға беру. Бұл нұсқаны зерттеуге қатысушылардың 44,4%-ы көрсеткен. Респонденттер бірнеше себепті қатар атай алды.

Тағы 29,2%-ы өз таңдауын «Мен осы партияның жақтасымын» деп түсіндірген. «Қазақстанның болашағы – осы партиямен» деген пікірді респонденттердің 25,3%-ы қолдайды. Партияның азаматтармен жұмысын 14,7%-ы атап өткен. Олар «Партияның сайлаушылармен жұмыс істеу тәсілі ұнайды» деген жауапты таңдаған.

Қоғамдық саясат институтының бағалауынша, зерттеу нәтижелері азаматтардың алдағы сайлауға айтарлықтай қызығушылық танытып отырғанын және электоралдық жұмылу деңгейінің қалыптасқанын көрсетеді.

Сауалнаманы Қоғамдық саясат институты 2026 жылғы 7–27 шілде аралығында ұлттық репрезентативті іріктеу негізінде жүргізген. Оған 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 респондент қатысқан.

Іріктеу қатесі шамамен 1,19%-ды құрайды. Деректер face-to-face, яғни бетпе-бет жаппай сауалнама жүргізу әдісімен жиналған. Қоғамдық саясат институты зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына 2026 жылғы 4 шілдеде жолданған № KQ–26/14 жазбаша хабарлама негізінде жариялап отыр.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске потушили пожар на складе с химикатами

В Усть-Каменогорске в районе Объездного шоссе произошел пожар на складе, где хранились производственные химикаты. По информации МЧС, к моменту прибытия пожарных подразделений наблюдалось открытое горение....

Казахстанцев призвали соблюдать чистоту на придорожных санитарных остановках

Водителей и пассажиров, пользующихся республиканскими автомобильными дорогами, призвали соблюдать правила культуры и гигиены на санитарных остановках. Как отметили в профильном ведомстве, вдоль трасс работают теплые...

72,3% казахстанцев намерены проголосовать на выборах в Курултай

Большинство опрошенных казахстанцев знают о предстоящих выборах в Курултай и планируют принять в них участие. По данным Института общественной политики, о голосовании осведомлены 89,4%...

Аким ВКО провел прием граждан по личным вопросам

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов провел очередной личный прием граждан, в ходе которого рассмотрел вопросы социальной поддержки, развития инклюзивных проектов и обеспечения жильем. Жительница Зайсанского...