Зайсандағы әуежай құрылысы аяқталуға таяп қалды

Шығыс Қазақстан облысының шекара шебіндегі Зайсан ауданында салынып жатқан жаңа әуежай құрылысының жалпы дайындығы 86,6 пайызға жетті. Әуежай құрылысы

Мемлекет басшысының шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Пайдалануға берілгеннен кейін ол Зайсан ауданын Астана, Алматы және Өскемен қалаларымен тікелей әуе қатынасымен байланыстырады. Ал алдағы уақытта халықаралық бағыттарды, оның ішінде Қытайға рейстерді ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағының, рульдеу жолының, перронның, әуежай қоршауының, су бұру жүйесінің және кіреберіс автокөлік жолдарының құрылысы толық аяқталды. Сонымен қатар жарық-сигнал беру жүйесін, инженерлік желілерді және аэронавигациялық инфрақұрылымды монтаждау жұмыстары жалғасып келеді.

Құрылысшылар әуежайдың жолаушыларды қабылдауына қажетті негізгі нысандарды салуға басымдық беріп отыр. Атап айтқанда, аэровокзал ғимараты, командалық-диспетчерлік пункт, апаттық-құтқару кешені, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жарық-сигнал беру жабдықтары орнатылып, инженерлік желілер тартылуда, аэронавигациялық және метеорологиялық инфрақұрылым жасақталып, аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

– Бүгінде жобаның төртінші кезеңін іске асырып жатырмыз. Бұл кезеңге терминалдың және әуежай аумағындағы барлық қосымша ғимараттардың құрылысы кіреді. Жобалық құжаттама кезең-кезеңімен келіп жатқандықтан, кейбір жұмыстарды техникалық шешімдер алынған бойда орындауға тура келеді. Соған қарамастан құрылыс қарқынын барынша жеделдетудеміз, – дейді жоба жетекшісі Ербол Тәжібаев.

Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа әуежай Зайсан ауданына жету мүмкіндігін арттыра түспек. Сондай-ақ логистиканың дамуына, туризмді өркендетуге және инвестиция тартуға қосымша серпін береді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жобаның іске асырылуы тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда нысанның жалпы құрылыс дайындығы 86,6 пайызды құрайды. Жаңа әуежайды биыл күзде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...