ШҚО-да Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол жыл соңына дейін пайдалануға берілмек

Жаңа бағыт қауіпті тау серпантинімен жүрмей, танымал туристік бағыттарға қауіпсіз жетуге мүмкіндік бермек. Жол құрылысы шамамен он жылға созылды.

Жобаның созбалаңға салынуына мердігерлердің ауысуы, қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жобалау кезінде жіберілген қателіктер себеп болды. Атап айтқанда, биік таулы аймақтағы көпірді салу кезінде топырақтың ерекшеліктері толық ескерілмегендіктен, тірек конструкцияларын орнатуда қиындықтар туындаған. Кейіннен жобалық шешімдер қайта қаралып, бүгінде болашақ көпірдің барлық сегіз тірегі тұрғызылды.

Жобаның жалпы құны – 19,9 млрд теңге. Биыл құрылысты аяқтауға 9,9 миллиард теңге қарастырылғанымен, әзірге соның тек 900 миллион теңгесі ғана бөлінген.

— Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігіне қалған 9 млрд теңгені бөлу міндеті жүктелді. Бұл мәселе жақын арада оң шешімін табады деп үміттенеміз, — дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Алмас Қасенов.

Жаңа жолдың іске қосылуы жол қозғалысының қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады. Жаз мезгілінде демалыс күндері ғана Өскеменнен Бұқтырма су қоймасына қарай 20 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Жол пайдалануға берілгеннен кейін жүргізушілер қауіпті Осинов асуын айналып өтіп, Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарындағы туристік бағыттарға әлдеқайда жылдам жете алады.

Новые статьи

Аким Усть-Каменогорска поручил решить проблему с мусором в районе Лесхоза

Жители района Лесхоз в Усть-Каменогорске пожаловались на неудовлетворительное санитарное состояние территории. По их словам, из-за соседства с полигоном твердых бытовых отходов мусор разлетается по...

В ВКО в августе ожидаются жара до 41 градуса и сильные дожди

Август в Восточно-Казахстанской области будет жарким, однако в течение месяца жителей региона ожидают грозы, ливни и шквалистый ветер. Об этом сообщили в РГП «Казгидромет». По...

В Усть-Каменогорске усилят контроль за санитарной обрезкой деревьев

В Усть-Каменогорске ужесточат контроль за проведением санитарной обрезки деревьев. За случаи варварского спила зеленых насаждений будут применять меры административной ответственности. Поводом для очередного разбирательства стал...

В Усть-Каменогорске у двух молодых людей изъяли 91 сверток с наркотиками

В Усть-Каменогорске сотрудники отдела по противодействию наркопреступности задержали двух местных жителей, подозреваемых в незаконном обороте наркотиков. Операция проведена в рамках оперативно-профилактического мероприятия «Қарасора-2026». По данным...