«Марқакөл — Шығыстың Маржаны» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Ұрұнхайка ауылында «Марқакөл — Шығыстың Маржаны» халықаралық фестивалі бастау алды. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

«Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны –Марқакөл жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық туристік фестивальдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – өңірдің туристік саласын дамытуға, Марқакөлдің қайталанбас табиғатын, бай тарихи-мәдени мұрасын және ұлттық құндылықтарын кеңінен танытуға бағытталған маңызды бастама. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи шешімімен қайта құрылған Марқакөл ауданы бүгінде жаңғыру мен жаңару жолына түсті. Ауданда инфрақұрылым жаңарып, әлеуметтік нысандар салынып, жолдар жөнделіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда», — деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, Марқакөлдің туристік және экономикалық әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға, кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән беріліп келеді. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қанас-Марқакөл» трансшекаралық туристік бағытын қалыптастыру жөніндегі бастама.
Қазіргі уақытта бұл жоба жан-жақты пысықталып жатыр. Қанас көліне жыл сайын шамамен 7 млн турист келеді. Жобаның іске асырылуы Марқакөлдің туризм саласының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық деңгейдегі туристік бағыт ретінде қалыптасуына жол ашпақ.

«Бүгінгі мерекелік шараның мәні мен маңызын арттыра түсетін тағы бір айтулы оқиға – Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдық мерейтойы. Жарты ғасыр бойы қорық қызметкерлері Оңтүстік Алтайдың экожүйесін, Марқакөл көлінің табиғи байлығын көздің қарашығындай сақтап келеді. Халықаралық фестиваль ауданның даму бағыттарын танытатын, елімізден және шетелден келген қонақтар үшін есте қаларлық жарқын шара болады деп сенемін», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Фестиваль аясында ауданның тұмса табиғаты мен терең мәдениетін таныстыратын көрме ұйымдастырылып, қорық қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар көпшілік назарына поэзия фестивалі, ақындар айтысы, ғылыми-тәжірибелік конференция ұсынылды. Ал кешке танымал өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өткізілмек.

Новые статьи

В ВКО за три дня операции «Перевозчик» выявили более 900 нарушений ПДД

В Восточно-Казахстанской области подвели итоги оперативно-профилактического мероприятия «Перевозчик», которое проходило с 28 по 30 июля. За три дня сотрудники полиции выявили 915 нарушений Правил...

Диалог с избирателями: чем запомнился очередной день предвыборной кампании в ВКО

Предвыборная кампания в Восточно-Казахстанской области не останавливается ни на минуту. Если еще недавно политическая жизнь концентрировалась в штабах, то сегодня она вышла далеко за...

Аким ВКО обсудил с послом Австрии инвестиционные проекты и развитие туризма

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Австрийской Республики в Казахстане Андреа Бахер. Стороны обсудили перспективы инвестиционного сотрудничества, развитие...

В ВКО стартует благотворительная акция «Дорога в школу»

С 1 августа по 30 сентября в Восточно-Казахстанской области пройдет общереспубликанская благотворительная акция «Дорога в школу», направленная на поддержку детей при подготовке к новому...