Жол-көлік оқиғасы Назарбаев даңғылында болды. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lexus автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс жылдамдығын жол жағдайына сай таңдамаған. Соның салдарынан алдында тоқтап тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.
— Соққының әсерінен Chevrolet Cobalt инерциямен алда тұрған Hyundai Solaris автокөлігіне соғылған. Одан кейін Lexus көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы бағыттағы жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған, — делінген ақпаратта.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus автокөлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты бірқатар сараптама тағайындалғалды.

