«10 млн долларға арал сатылады»: ШҚО-да желідегі жарнамаға қатысты әкімдіктен жауап берді

Шығыс Қазақстан облысында 10 млн долларға арал сатылатындығы туралы желіге шыққан жарнамаға қатысты Жер қатынастары басқармасынан жауап берді.

Таяуда әлеуметтік желіде сатылымға арал шығарылғаны туралы жазда жарияланған болатын. Онда «Аралды сатып алу мүмкіндігі күнде кездесе бермейді. Жеке меншіктегі 22,5 гектар жер біртұтас инвестициялық жоба ретінде ұсынылып отыр» деп жазылған. Аралдың сатылым бағасы 10 миллион АҚШ доллары деп бағаланыпты.

Алайда кейін республикалық БАҚ-тардың бірінде арал иесі Совет Мұхитовтың аралдың сатылмайтындығын айтқан видеосы тарады. Осы ретте, ШҚО Жер қатынастары басқармасына сауалхат жіберіп, бұл аралдың жеке меншікке қалай өткенін, оның сатылымға қойылуы қаншалықты заңды болатындығын сұрап көрдік.

— Аталған арал Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында орналасқан. Ауданаралық экономикалық соттың шешімі негізінде Алтай ауданы әкімдігінің 08.08.2006 жылғы № 2595 қаулысымен жер учаскесі жеке меншікке берілген. Жер учаскесін сатып алу бағасы және оны сату бағасы туралы мәліметтер басқармада жоқ, — деп жауап берді басқарма басшысы Надежда Михейлис.

Аралдың аумағы 2008 жылы кадастрлық нөмірлері 05-070-033-027 (ауданы 161,1 га), 05-070-033-030 (ауданы 24,7 га), 05-070-033-028 (ауданы 24,1 га), 05-070-033-029 (ауданы 15,1 га) 4 жер учаскесіне бөлінген.

— Жер учаскелерінің нысаналы мақсаты — тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін деп көрсетілген. ҚР Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар, — дейді Н. Михейлис.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...