Өскеменде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалды

Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің мәліметінше, 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында № 27943 әскери бөлімінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте тұрған әскери қызметші қойма аумағынан өз бетінше белгісіз бағытқа кетіп қалған. Қазіргі уақытта оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Қазақстан тұрғындарынан сарбаздың жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұраймыз. Нақты ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы беріледі, — делінген ақпаратта.

Іздестіріліп жатқан әскери қызметшінің белгілері: бойы шамамен 177 см, салмағы 80 келідей, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа әрі қара түсті, бетінде меңдері бар. Алдын ала мәлімет бойынша, үстінде далаға киюге арналған әскери киім болған, алайда киімін ауыстырып алған болуы мүмкін.

Әскери қызметшінің орналасқан жері туралы ақпаратты келесідей байланыс нөмірлеріне хабарлауға болады: 8 (7232) 62-34-15, 8 705 508 39 39, 8 775 553 53 35.
Сондай-ақ хабарласқан азаматтардың жеке деректері құпия сақталатыны атап өтілді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...