Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл бастаманы қолдап, оны тұрақты тәжірибеге айналдыру қажет деп шешті.
Бүгін де кезекті жиын мемлекеттік әнұран қосылуымен басталды. Қатысушылардың айтуынша, бұл рәсім жиналысқа ерекше көңіл-күй сыйлап, елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттырды.
Әкімдік өкілдері бұл дәстүр мемлекеттік қызметтің маңыздылығын көрсетіп, өңір тұрғындарының игілігі үшін мақсатты әрі нәтижелі жұмысқа дайын екендіктерін білдіретінін атап өтті.